×

Әйелдердің дауысы басым әрі анық шығуы үшін біз бірігуіміз керек

Салтанат Тұрсынбекова Қарақат Әбденді сайлаудан бас тартып, командасына қосылуға шақырды

Әйелдердің дауысы басым әрі анық шығуы үшін біз бірігуіміз керек
Скриншот: Дебат сәтінен, Хабар арнасы

Президенттікке үміткерлердің тікелей эфирдегі Дебат сәтінде ҚР президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова сайлаудағы қарсыласы Қарақат Әбденге сайлау науқанынан бас тартып, командасына қосылуға шақырды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі .

Тұрсынбекова сөзінде Қарақат Жақсылыққызының бағдарламасын талдап, кездесулерін сараптай келе, кей тұстарда ойларының тоғысатынын айтады. Екеуінің де әйелдің қоғамдағы орны, оның маңыздылығы туралы айтып жүргенін атап өткен Тұрсынбекова, Әбденнің саяси тәжірибесі аз екенін баса айтқан.

Сонымен қатар ол сайлаушылармен кездесулерде Қарақат Әбденнің бағдарламасының жөн-жосығын түсіндіріп, мәдени-бұқаралық іс-шаралары үшін түсініктеме беруіме тура келгенін жеткізген.

"Қарақатты өз командама шақырамын. Әйелдердің дауысы басым әрі анық шығуы үшін біз бірігуіміз керек. Сайлаушылардың дауысын екіге бөлмей-ақ қояйық. Қарақат Жақсылыққызы, сайлау науқанынан бас тартып, менің командама, штабыма қосылыңыз. Әйелдер мен отбасының мүддесін алға жылжытуға бірге күш салайық", –  дейді Тұрсынбекова.

Көп жылдар бойы әйелдердің құқығын қорғаумен айналысып келгенін түсіндірген Тұрсынбекова қазақ әйелі мен отбасына не қажет екенін бес саусағындай білетінін айтқан.

"Тағы да қайталап айтамын, Қарақат Жақсылыққызы, менің командама қосылыңыз, бірге жұмыс істеп, ұсыныстарыңызды сайлаушыларға жан-жақты жеткізуге уәде беремін", –  дейді Салтанат Тұрсынбекова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →