×

ШҚО тұрғындары ауызсумен толықтай қамтылды

ШҚО тұрғындары ауызсумен толықтай қамтылды
freepik

Өңірдегі инженерлік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту мақсатында бірінші кезекте коммуналдық желілердің ең тозған әрі апатты учаскелерін ауыстыру бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

- Өткен жылдың қорытындысы бойынша су құбыры желілерінің тозу деңгейі 47%-ға, кәріз желілері бойынша 69%-ға дейін төмендетілді. Жалпы алғанда сумен жабдықтау және суды бұру желілерінің 358 шақырымнан астамы қайта жаңартылып, салынды. 2026 жылы 309 шақырым сумен жабдықтау және суды бұру желілерін қайта жаңғырту жоспарланып отыр, - деді аймақ басшысы.

Бұл су құбыры желілерінің тозуын 45%-ға, ал су бұру желілері бойынша 67%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Өңірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты толықтай сапалы ауызсумен қамту жөніндегі тапсырмасы орындалды. 2025 жылы соңғы 8 жоба аяқталып, Шығыс Қазақстан тұрғындарының ауызсумен қамтылуы 100%-ға жеткізілді.

Бұл облыста жүргізіліп келе жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі. Атап айтқанда, 2021 жылдан бері 60 жоба аяқталып, 112 шағын елді мекенде кешенді блокты-модульдік қондырғылар орнатылды. 1 мың шақырымнан астам су құбыры желілері салынды және қайта жаңғыртылды. Осылайша, 48 мың аймақ тұрғыны сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан паспорты халықаралық рейтингте жоғарылады
Бүгін, 12:59

Қазақстан паспорты халықаралық рейтингте жоғарылады

Зерттеуге 199 елдің паспорты енгізілген
Желідегі оқырман санын көп қылып, жалған көрсететіндердің күнәсі ауырлайды
Әуежай терминалының бір мезетте 150 жолаушыны қабылдауға мүмкіндігі бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →