×

Ақтаулық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарып қалды

Полиция қызметкерлері есігі ашық тұрған пәтерді байқады

Ақтаулық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарып қалды
Ашық дереккөздерден

Ақтауда патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды суицидтен құтқарып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz ІІМ-не сілтеме жасап.

102 кезекші пультіне Ақтау қаласы 31Б шағын ауданы «Rose» тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде ер адам өз-өзіне қол жұмсамақшы деген шақырту түсті.

Патрульдік полицияның құрамында полиция лейтенанты Тлеубай Нұрлан және полиция аға лейтенанты Бердібаев Бахтияр сынды қызметкерлері бар «Мираж-10» жасағы айтылған мекенжай бойынша шақыртуға жетеді. Көмекке патрульдік полиция батальоны инспекторлары келді. Айтылған мекенжай бойынша дерек расталмай, полиция қызметкерлері өзге пәтерлерді тексеру барысында, есігі ашық тұрған пәтерді байқады. Полицейлер әлдеқандай дыбыстар естіп, үйіне кіргенде жуынатын бөлмеде ер адамның төсек жайма арқылы асылып жатқандығын көреді.

Полицейлер ер адамды құтқаруға әрекет жасап оның өмірін өлімнен арашалады. Олар ер азаматты “жедел жәрдем” қызметкерлеріне тапсырып, ауруханаға дейін бірге еріп барды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Кеше, 16:04

Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
«Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды
Қорғаныс министрлігі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр
Мемлекет басшысы ұлы ақынның мұрасы ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →