×

Қазақстанда ЖИ-контентті таңбаламағандар айыппұл төлейді

Қазақстанда ЖИ-контентті таңбаламағандар айыппұл төлейді
infomedia.com

Қазақстанда 16 қаңтардан бастап жасанды интеллект туралы заң күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, жасанды интеллектінің көмегімен жасалған контентті міндетті түрде машинамен оқылатын таңбалаумен белгілеу талап етіледі. Бұл талапты орындамағандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Норма Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген. Айыппұл мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне байланысты белгіленеді: жеке тұлғалар үшін – 15 айлық есептік көрсеткіштен (64 875 тг), ірі бизнес өкілдері үшін – 100 айлық есептік көрсеткішке (432 500 тг) дейін. Қайтадан заң бұзылған жағдайда айыппұл көлемі екі есе ұлғаяды. Ал ірі компаниялар үшін жүйелі түрде талапты орындамау жасанды интеллект жүйесінің жұмысын уақытша тоқтатуға немесе толық тыйым салуға дейінгі қатаң шараларға әкелуі мүмкін.

Заңда авторлық құқық мәселелері де нақтыланған. Жасанды интеллект арқылы жасалған контент тек адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана авторлық құқықпен қорғалады. Ал авторлық туындыларды жасанды интеллектіні оқыту үшін пайдалану тек құқық иесі тарапынан машинамен оқылатын тыйым болмаған кезде ғана рұқсат етіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды
Бүгін, 22:15

Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды

Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды
Этникалық қазақтардан ресми өтініштер түспеген
7000 мА·сағ аккумулятор бір рет қуаттағанда 52 сағатқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →