×

Ақмола прокуратурасы Атбасардағы азаптау ісі бойынша ақтау үкіміне тағы да шағымданды

Прокуратурамен қатар жәбірленушілер де арыз түсірді

Ақмола прокуратурасы Атбасардағы азаптау ісі бойынша ақтау үкіміне тағы да шағымданды
Фото: Бейнеден кадр

Ақмола облысының прокуратурасы 6 қаңтарда аппеляциялық шағым түсірді. Бұл дәл осы іс бойынша екінші мәрте жазылған аппеляциялық шағым, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Прокуратурамен қатар жәбірленушілер де арыз берген. Енді іс тағы да аппеляциялық инстанцияда қаралады. 

«Жәбірленушілер де арыз берді. Енді істі аппеляциялық инстанцияға жібереді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», — деп мәлімдеді Ақмола облысының соты.

Еске сала кетсек, бұған дейін сот алқасының шешімімен Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекеменің 12 бұрынғы қызметкері кінәсіз деп танылған еді. 

Түрме қызметкерлерінің тұтқындарды азаптағаны көрінетін видеолар 2023 жылы қыркүйекте желіде тараған болатын. Сотқа тартылған 12 қызметкер «Азаптау» бабы бойынша айыпталған. Азапталғандардың ішінде Тимур Дәнебаев бар. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыға «20 мың террорист келгені» жайлы мәлімдемесі үшін президент Тоқаевқа қарсы қылмыстық іс қозғауға тырысқан Тимур Дәнебаев 2022 жылы ұсталып, 2023 жылы маусымда араздық тудырды деп 3 жылға сотталған болатын. Бақытжан Төреғожинаның сөзінше, Тимур Дәнебаев және 40 шақты адам түрмедегі 12 қызметкердің үстінен «азаптады» деп арыз түсірген. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды
Бүгін, 22:15

Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды

Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды
Этникалық қазақтардан ресми өтініштер түспеген
7000 мА·сағ аккумулятор бір рет қуаттағанда 52 сағатқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →