×

Тасмағамбетов Украинадағы қақтығысқа аймақтық емес күштердің белсенді араласуын мәлімдеді

Тасмағамбетов Украинадағы қақтығысқа аймақтық емес күштердің белсенді араласуын мәлімдеді
odkb-csto.org

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Украинадағы қақтығысқа аймақтық емес күштердің араласуы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 31 наурызда ҰҚШҰ жұмыс органдарының басшылық құрамының кеңейтілген кеңесі өтті, онда ұйымның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов баяндама жасады. Сөз арасында ҰҚШҰ жауапкершілік аймағында және оған іргелес өңірлерде қалыптасып жатқан геосаяси жағдайға егжей-тегжейлі баға берілді, сонымен қатар, ұйымның жауапкершілік аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша қадамдар тұжырымдалды", - делінген жұма күнгі хабарламада.

Бас хатшы қазіргі халықаралық жағдай, оның ішінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер де тартылған жаһандық және өңірлік шиеленістер өрши түсуімен сипатталатынын атап өтті.

"Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарының ахуалына егжей-тегжейлі тоқталып, олардың әрқайсысында елеулі сын-қатерлердің бар екенін атады. Ұйымның Бас хатшысы шығыс еуропалық бағыттағы жағдайды талқылай отырып, Украинадағы және оның айналасындағы қақтығыстарға аймақтық емес күштердің белсенді араласуын жеткізді. Уақыт өткен сайын жетілдірілген және қуатты қару-жарақ жүйлерін жеткізу жүзеге асырылып жатыр. НАТО-ның Балтық елдері, Польша және Қара теңіз аймағында әскери әлеуеті қатты өсіп келеді", - делінген хабарламада.

ҰҚШҰ Бас хатшысының бағалауынша, Оңтүстік Кавказдағы жағдай тұрақсыз. Таулы Қарабақ пен армян-әзірбайжан шекарасындағы жағдайға байланысты қауіптер өзекті болып қала береді.

"Орталық Азияда өңір елдерінің шекаралық мәселелер бойынша бітімге қол жеткізуімен байланысты кейбір жағымды құбылыстармен қатар, әртүрлі террористік топтардың, сонымен бірге, есірткі заттарын заңсыз өндіру мен таратушылардың артындағы күштердің позициясы күшейіп, Ауғанстан аумағынан туындаған қауіп-қатер мәселесі өте өзекті болып қала бермек", - деп жазады ведомство.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →