Атырау әуежайында ұшу-қону жолағындағы ілінісу коэффициентінің төмендеуіне байланысты 15 қаңтарға жоспарланған барлық кешкі рейстер 16 қаңтарға ауыстырылды, деп жазады Qaz365.kz.
Бұл туралы Air Astana хабарлады. Әуекомпания мәліметінше, рейстерді көшіру әуе кемелерінің қауіпсіз қонуы мен ұшуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Кейінге шегерілген бағыттар қатарында KC 983/984 Астана – Атырау – Астана, KC 885 Алматы – Атырау, KC 878 Атырау – Алматы рейстері бар. Сондай-ақ KC 904 Амстердам – Атырау рейсі Ақтауға бағытталған.
Әуекомпания жолаушыларға рейстердің мәртебесін ресми сайттан немесе мобильді қосымша арқылы нақтылап отыруды ұсынды.