×

ТШО Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіруді уақытша тоқтатты

ТШО Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіруді уақытша тоқтатты
видеодан кадр

«Теңізшевройл» компаниясы Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Компания мәліметінше, шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің бір бөлігіне әсер еткен жағдайға байланысты қабылданған.

Еске салайық, 18 қаңтар күні Атырау облысындағы Теңіз кен орнында өрт шыққан. ҚазМұнайГаз баспасөз қызметінің дерегіне сәйкес, екі трансформатор жанған.

«Зардап шеккендер жоқ. Компания үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі – ең басты басымдық», – деп мәлімдеді ТШО.

Қазіргі уақытта компанияның техникалық қызметтері оқиғаның бастапқы себебін анықтап жатыр. Негізгі міндет – салдарын қауіпсіз түрде жою және өндірістің қалыпты жұмысын қайта қалпына келтіру.

Сонымен қатар «Теңізшевройл» мемлекеттік органдармен тұрақты байланыста жұмыс істеп, туындаған жағдайдың ықтимал салдарын барынша азайтуға күш салып отырғанын хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →