×

«Отбасы банк» директорлар кеңесінің төрағасы қанша сыйақы алады?

«Отбасы банк» – тұрғын үй құрылыс жинақтарын ресми түрде қабылдап, несие беретін бірден-бір банк

«Отбасы банк» директорлар кеңесінің төрағасы қанша сыйақы алады?
Фото: Qaz365.kz

«Отбасы банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ләззат Еркенқызы өзінің былтыр қанша сыйақы алғанын айтып бере алмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ләззат Еркенқызы банк көлемінде төленген жалпы сыйақы жайын тілге тиек етті. Журналистердің «Былтырғы өзіңіз алған сыйақының қанша айта кетіңізші?» деген сауалына банк басшысы нақты жауап бермей, ол деректі сайттан көруге болатынын айтты.

«Былтырғы сыйақы 76 млрд болды бүкіл 2 млн 300 мың салымшыларға. Менің сыйақымды биржаның сайтынан қарауға болады», — деп жауап берді Ләззат Еркенқызы.

Айта кетейік, «Отбасы банк» — Қазақстандағы тұрғын үй жинақ жүйесін жүзеге асыратын негізгі банк. Сондықтан банк басшылығының табысы мен сыйақы саясаты қоғамда әрдайым қызу талқыланады.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Отбасы банк» деректер орталығын Алматыдан Астанаға көшірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →