×

Нұржан Әлтаев: Екінші Донбассқа айналып кетпесін десек, Петропавлды Қызылжар дейтін уақыт жетті

Бұл болашақта Қазақстан тәуелсіздігіне қауіп төндіруі әбден мүмкін

Нұржан Әлтаев: Екінші Донбассқа айналып кетпесін десек, Петропавлды Қызылжар дейтін уақыт жетті
minber.kz

“Екінші Донбассқа айналып кетпесін десек, Петропавлды Қызылжар дейтін уақыт жетті”. Бұл туралы қоғам белсендісі Нұржан Әлтаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі minber.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Алматыдағы “Қазақстан” қонақ үйінде “Халықтық парламент” қоғамдық ұйымының алғашқы отырысы болды. Жиынға 19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқанына наразы біраз адам қатысты. Олардың арасында депутаттыққа үміткер болғандардың қарасы басым болды. Осы жиынға келіп арнайы сөйлеген бұрынғы депутат, қоғам белсендісі Нұржан Әлтаев Қазақстандағы стратегиялық объектілердің Ресейге беріліп жатқанын айта отырып, бұның болашақта Қазақстан тәуелсіздігіне қауіп төндіруі әбден мүмкін екендігін ескертті.

“Қазақстанда орыс тілін емес, өзіміздің ана тіліміз – қазақ тілін қорғауымыз, әрі қарай дамытуымыз қажет. Ол үшін қолдан келген барлық ықпалымызды жасау керек. Соның салдарынан кеше Петропавл қаласындағы жаулар бас көтеріп отыр. Осы арқылы біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге сорақы шабуыл жасалып отыр. Ата-бабамыздың қаны төгілген Қызылжар жерінің екінші Донбасс болып кетпесіне кім кепіл? Алла бетін аулақ қылсын. Бірақ мен Кремльдің Украинадан кейінгі мақсаты – Қазақстан деп ойлаймын. Сондықтан осы «Халықтық параламент» депутаттарының мойнында үлкен жауапкершілік тұр. Өйткені мына биліктен қайыр күтуге болмайды. 32 жыл бойы күттік. Петропавлды Қызылжар, Павлодарды Сарыарқа деп өзгертетін уақыт келді. Біз ел болып, халық болып, «Халықтық парламент» болып, жан-жақтан Тоқаевтың диктатурасын тоқтатуымыз керек. Келешекте бір де бір президент Қазақстанда өз диктатурасын орната алмайтындай жасауымыз керек”, – деді қоғам белсендісі сөйлеген сөзінде.

Толығырақ видеода:

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →