×

Алматы облысында көлік апатынан бес адам мерт болды

Жол апаты Алматы – Көкпек – Көктал тасжолында болды.

Алматы облысында көлік апатынан бес адам мерт болды
polisia.kz

Алматы–Көкбек–Көктал тасжолында жол-көлік апаты болып, бетпе-бет соқтығысу салдарынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтының тelegram-арнасына сілтеме жасап.

Полиция ақпараты бойынша, 1 сәуірде 08:00 шамасында Audi 100 автокөлігін тізгіндеген Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы – Көкпек – Көктал тасжолының 196 шақырымында қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, 1964 жылы туған Б. есімді азамат айдап келе жатқан Audi С4 көлігімен соқтығысқан.

«Көлік апаты салдарынан Audi 100 көлігінің жүргізушісі мен ішіндегі үш жолаушы, сондай-ақ Audi С4 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Түрлі жарақат алған төрт жолаушы Шонжы ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұл оқиға Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 345-бап, 4-тармақ бойынша тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмысы жүріп жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →