×

Ресейден әкелінген әскери ойыншықтар қазақтарды ашуландырды

Қазақстандықтар мұндай ойыншықтарға елімізде тыйым салуды және дүкен директорын сотқа беруді талап етуде

Ресейден әкелінген әскери ойыншықтар қазақтарды ашуландырды
Ашық дереккөздерден

«Ресей армиясының әскери базасы» және басқа да осыған ұқсас ойыншықтар «Балалар әлемінің» сөрелерінен астаналықтардың көзіне түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ресейде жасалған әскери ойыншықтардың суреттерін спортшы Айдар Махметов жариялады.

Кадрларда «Ресей армиясының әскери базасы», сондай-ақ коллекциясы «Сыпайы адамдар» деп аталатын сарбаздардың мүсіндері көрсетілген.

Спортшы мұндай өнімдерді «көршіміздің ерекше құндылықтарының нағыз насихаты» деп атады.

«Украинада барлығы «сыпайы адамдардан» басталды... Құзырлы органдар мұны анықтап, іс видеодағы қарапайым кешірім сұраумен шектелмейді деп сенемін», - деп жазды ол.

Түсініктемелерде қазақстандықтар мұндай ойыншықтарға елімізде тыйым салуды және дүкен директорын сотқа беруді талап етуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →