×

Көктемде Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары

Көктемде Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Gov.kz

Биыл көктемде Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқыны қаупі туындауы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері алдын ала болжамында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мамандардың айтуынша, қауіпті күшейтетін негізгі факторлар қатарында топырақтың терең қатуы, күзгі кезеңдегі шамадан тыс ылғалдану және қар қорының көп жиналуы бар.

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлер:

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола және Қарағанды облыстары.

Қауіп деңгейі орташа өңірлер:

Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Павлодар, Ақтөбе, Түркістан, Алматы және Қостанай облыстары.

Қауіп деңгейі төмен өңірлер:

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстары.

Синоптиктердің болжамынша, жазық аумақтарда тасқынның шарықтау кезеңі наурыздың соңы мен сәуірдің соңы аралығында байқалады. Ал таулы өңірлерде су тасқыны толқын түрінде өтіп, наурыз айынан бастап жазға дейін созылуы мүмкін.

Мамандар тұрғындарды алдын ала сақтық шараларын қабылдап, төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін қадағалап отыруға шақырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →