×

FlyArystan қол жүгінің салмағын арттырады

FlyArystan қол жүгінің салмағын арттырады
t.me/flyarystan_inform

1 наурыздан бастап FlyArystan әуе компаниясының рейстерінде тегін тасымалданатын қол жүгінің салмағы 5 келіден 7 келіге дейін ұлғайтылады. Бұл туралы авиакомпания өз сайтында мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Компания мәліметінше, қол жүгінің өлшемі (56×23×36 см) және бір жолаушыға бір ғана қол жүгі рұқсат етілетіні жөніндегі талап өзгеріссіз қалады. Алайда отырғызу кезінде бақылау күшейтіледі: қол жүгінің салмағы мен өлшемі ұшаққа мінер алдында қайта тексеріледі.

FlyArystan жолаушыларға салонға алып кіретін барлық заттар қол жүгі ретінде есептелетінін еске салды. Сондықтан әр жолаушының заттары бір ғана бірлікке сыйып тұруы тиіс. Бұл талап ішкі рейстердің барлығына қолданылады.

Ал халықаралық рейстерде, оның ішінде чартерлік бағыттарда, Duty Free дүкендерінен алынған сатып алуларды тегін алып өтуге рұқсат етіледі. Олар қорғаныш немесе фирмалық Duty Free пакетінде болуы керек, ал пакеттің өлшемі 56×23×36 см-ден аспауы тиіс. Мұндай пакеттердің саны шектелмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →