×

Биыл қанша запастағы офицер әскер қатарына шақырылады

Биыл қанша запастағы офицер әскер қатарына шақырылады
gov.kz

2026 жылы Қазақстанда Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және әскери дайындалған резервті қалыптастыру мақсатында 850-ден астам запас офицерді мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның ақпаратынша, шақырылатын офицерлердің:

  • 700-і Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына,

  • 80-і шекара қызметіне,

  • 64-і Ұлттық ұланға,

  • 15-і Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі.

Хабарламада атап өтілгендей, шақыру авиациялық, инженерлік, артиллериялық, радиотехникалық, әскери-тасымалдау, медициналық, тылдық, ақпараттық және барлау бағыттары бойынша аса қажетті әскери есептік мамандықтарды қамтиды. Атап айтқанда, денсаулық жағдайы жарамды, тиісті әскери есептік мамандығы бар 29 жасқа дейінгі, ал медициналық мамандықтар бойынша 32 жасқа дейінгі запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады.

Әскери қызмет атқару кезеңінде офицерлерге жалақы төленеді, олар тұрғын үймен немесе тұрғын үй төлемдерімен, тамақпен және медициналық қызметпен толық қамтамасыз етіледі.

Министрліктің мәліметінше, хабарлама алған запастағы офицер жеке куәлігі мен әскери билетін (бар болса) алып, белгіленген мерзімде жергілікті әскери басқару органына келуі тиіс. Шақырылуды кейінге қалдыру отбасы жағдайына, білім алуына немесе денсаулық жағдайына байланысты шақыру комиссиясының шешімімен берілуі мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →