×

Alphard пен басқа да оң жақ рөлді көліктерге қалааралық тасымал жасауға тыйым салынуы мүмкін

Alphard пен басқа да оң жақ рөлді көліктерге қалааралық тасымал жасауға тыйым салынуы мүмкін
drom.ru

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында Көлік министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлескен шаралар әзірлеп жатыр. Соған сәйкес, оң рульді көліктерге, соның ішінде Toyota Alphard секілді үлгілерге такси қосымшалары арқылы қалааралық жолаушы тасымалдауға тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Astana TV-ге сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, бастаманың басты мақсаты – азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау. Сонымен қатар ол тасымалдау талаптарын қатаңдату жүргізушілердің жаппай жұмыссыз қалуына әкелмеуі тиіс екенін атап өтті. Алайда такси жүргізушілеріне қандай балама ұсынылатыны әзірге нақтыланған жоқ.

Ал автоэксперт әрі қоғам белсендісі Еркебұлан Құлбасов бұл мәселе бұған дейін де талқыланғанын айтты. Оның сөзінше, азаматтар тарапынан түрлі ұсыныстар түскен, сондай-ақ ымыралы нұсқалар да бар.

«Оң жақ рөлді көліктер бойынша біз бұрын да пікір білдіргенбіз. Қазіргі кездесу – Көлік министрлігімен бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі уағдаластықтың нәтижесі деп ойлаймын. Үдеріске Көлік министрлігі де, Ішкі істер министрлігі де қатысып отыр. Қауіпсіздік те қамтамасыз етіліп, адамдар табыссыз қалмайтын, барлық тарапты қанағаттандыратын шешім табылады деп сенемін», – деді ол.

Айта кетейік, аталған тыйымның қашан күшіне енетіні әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →