×

Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге айыппұлдағы жеңілдікті алып тастау ұсынылды

Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге айыппұлдағы жеңілдікті алып тастау ұсынылды
Солтүстік Қазақстан облысының ПД

Сенатор Марат Қожаев жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілер үшін айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін алып тастауды қайта ұсынды. Бұл туралы ол Сенат кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың айтуынша, қолданыстағы тәртіп бойынша жүргізушілер айыппұлды жеті күн ішінде төлесе, оның жартысын ғана өтейді. Алайда бұл жеңілдік бір жыл ішінде бірдей құқық бұзушылықты 10 реттен артық жасағандарға қолданылмауы тиіс.

«Мен бір жыл ішінде 10 реттен көп біртипті жол ережесін бұзатындарды осы жеңілдіктен айыруды ұсындым. Яғни 10-шы құқық бұзушылықтан кейін 11-ші, 12-ші, 13-ші рет толық көлемде айыппұл төлеуі керек», – деді Марат Қожаев.

Сенатор бұл бастаманы алғаш рет 2025 жылы көтергенін еске салды. Сол кезде ол бір жүргізушінің бір жыл ішінде 143 рет жол ережесін бұзғанын мысалға келтірген. Камералар тіркеген бұл құқық бұзушылықтар үшін көлік иесі 3 млн теңгеден астам айыппұл төлеген.

Марат Қожаевтың айтуынша, Үкімет бұл ұсынысты қарап, қолдаған.

«Заңнамалық өзгерістер әдетте пакетпен енгізіледі. Әкімшілік заңнамаға келесі түзетулер кезінде осы нормаларды қайтадан ұсынатын боламын», – деп түйіндеді сенатор.

Ұсыныс қабылданған жағдайда, жол ережесін тұрақты түрде бұзатын жүргізушілер үшін айыппұл төлеу тәртібі қатаңдауы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →