×

Қостанайлық кеншілер конституциялық реформаны қолдады: Жітіқарада еңбек ұжымымен кездесу өтті

Қостанайлық кеншілер конституциялық реформаны қолдады: Жітіқарада еңбек ұжымымен кездесу өтті

2026 жылғы 13 ақпанда Қостанай облысындағы «Комаровское горное предприятие» ЖШС аумағында «Болашақ Конституциясы: негізгі өзгерістер мен мәні» тақырыбында еңбек ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шараға кәсіпорынның 60-қа жуық қызметкері қатысты. Жиында Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы Н.З. Уразалинов пен аудан әкімінің орынбасары Ф.Г. Балашов сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасындағы негізгі ережелерді жан-жақты түсіндіріп, алдағы өзгерістердің стратегиялық мақсаттарына тоқталды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының республикалық референдум өткізу туралы шешіміне ерекше назар аударылды. Бұл қадам халық билігінің маңызды тетігі ретінде бағаланды. Сондай-ақ Ата Заңды жаңарту – Әділетті Қазақстан құру бағытының заңды жалғасы екені, «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және азаматтардың ел басқару ісіне қатысуын кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.

Жиында Қостанай облысының өнеркәсібі дамыған өңір ретіндегі рөлі де айрықша айтылды. «Комаровское горное предприятие» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрақты салық базасын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Мұндай ұжымдардың тұрақты жұмысы мыңдаған отбасының әл-ауқатына, ауданның әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына, білім, мәдениет және спорт салаларының қолдауына тікелей әсер етеді.

Сондықтан конституциялық даму мен мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайту мәселелері кәсіпорын қызметкерлері үшін абстрактілі ұғым емес, күнделікті өмірмен тығыз байланысты маңызды бағыт екені атап өтілді.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде еңбек ұжымы Президенттің референдум өткізу туралы шешімін қолдайтындықтарын білдіріп, Конституцияға енгізілетін ұсынылған өзгерістерді құптады.

Қатысушылар реформалардың мемлекеттілікті нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға және тұрақты экономикалық өсімге жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті. Бұл өз кезегінде азаматтардың өмір сапасына, отбасылардың әл-ауқатына және өскелең ұрпақтың болашағына тікелей ықпал етеді.

Кездесу іскерлік әрі сындарлы жағдайда өтіп, ұжымның белсенді азаматтық ұстанымын және елдің маңызды қоғамдық-саяси үдерістеріне қатысуға дайын екенін айқын көрсетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →