×

Қостанай облысында өзен арнасынан асып, алты үйге су кірді

Қазір жағдай тұрақты

Қостанай облысында өзен арнасынан асып, алты үйге су кірді
kstnews.kz

Қостанай облысында қардың қатты еруі мен еріген судың келуі салдарынан Тюнтюгур өзені арнасынан асып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары және ТЖД күштері мен құралдары Железнодорожное ауылындағы ойпат жерде орналасқан екі пәтерлі алты үйге кірген еріген  қар суы салдарын жою жұмыстарын жүргізуде.

Жедел жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімшелерінен 15 бірлік техника және 30 адам жұмылдырылды.

Жағдай тұрақты, өзенде судың көтерілуі байқалмайды, тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама
Бүгін, 13:50

Қазақ тілі мансап жолы мен кәсіби қызметте өсуде негізгі тілге айналды – сауалнама

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен Қазақстандағы тіл мәселесі жөнінде сауалнама жүргізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →