×

Қостанай облысында тасқын судан ауыл тұрғындары эвакуацияланды

Су басу аймағында 12 тұрғын үй және 40 үй аумағы қалды

Қостанай облысында тасқын судан ауыл тұрғындары эвакуацияланды
Фото: ТЖ департаменті

Қостанай облысында тасқын су салдарынан Қарасу ауданындағы Карамырза ауылының тұрғындары эвакуацияланды. Бұл туралы Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобынан мәлім етті, деп хабарлайды qaz365.kz.

«4 сәуірде қардың қарқынды еруінен және Қарасу ауданындағы Түнтүгір өзеніне еріген судың түсуінен өзен арнасынан тасыды. Су басу аймағында 12 тұрғын үй және 40 үй аумағы қалды.

Апатты-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу барысында Набережная көшесі бойында су басу аумағында қалған үйлерден 15 адам, соның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Олар өз қалауы бойынша туған-туыстарына орналастырылды. Ірі және ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды.

552 адам тұратын ауыл тұрғындарына су тасқыны қаупі туралы хабар уақытылы жеткізілді», - делінген ТЖД мәліметінде.

 

Ауыл әкімдігінің ғимаратында аудан әкімінің басшылық етуімен жедел штаб құрылды.

Департамент қызметкерлері қажет болған жағдайда халыққа көмек көрсету үшін (соның ішінде психологиялық) үй-үйді аралауды ұйымдастырды.

ТЖ департаментінде жедел желі құрылды, нөмірі – 8 714 2 50 36 24.

Су басу орнында ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен полицияның күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →