×

Домбырамен ұшуға бола ма? FlyArystan нақты талаптарды атады

Домбыра мен басқа музыкалық аспаптарды тасымалдау ережелері

Домбырамен ұшуға бола ма? FlyArystan нақты талаптарды атады

FlyArystan әуекомпаниясының қолданыстағы ережелеріне сәйкес жолаушылар музыкалық аспаптарды әуе кемесінің бортында тасымалдай алады. Компания аспаптың салмағы мен өлшеміне байланысты бірнеше тасымалдау нұсқасын ұсынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

FlyArystan домбыраны қоса алғанда, барлық музыкалық аспаптарды тасымалдау мәселесіне ерекше назар аударады. Домбыраның мәдени маңызын және оның гастрольдік сапарларда, байқауларда, отбасылық мерекелер мен ұлттық мейрамдарда жолаушылар бірге жиі алып жүретінін ескереді.

Мереке күндері қарсаңында әуекомпаниясы жолаушыларға музыкалық аспаптарды тасымалдаудың қолданыстағы ережелерін еске салады. 

Жалғыз қолжүк ретінде

Музыкалық аспапты белгіленген нормалар сақталған жағдайда тегін қолжүr ретінде тасымалдауға болады. Максималды салмағы – 5 кг-ға дейін*, өлшемдері – барлық бөліктерін (қаптама, қорап және т.б.) қоса алғанда 56×23×36 см-ден аспауы тиіс.
Аспап негізгі қолжүк ретінде тасымалданған жағдайда one-piece қағидаты сақталады, яғни тек бір ғана қолжүк бірлігіне рұқсат етіледі. Қосымша заттар тіркелген багаж ретінде рәсімделеді.
*2026 жылғы 1 наурыздан бастап тегін қолжүктің максималды салмағы 5 кг-нан 7 кг-ға дейін ұлғайтылады.

Қосымша қолжүк ретінде

Жолаушы музыкалық аспапты ақылы негізде қосымша қолжүк ретінде рәсімдей алады. Мұндай аспаптарға домбырадан бөлек скрипка, альт, флейта, кларнет, труба, гавай гитарасы жатады. Аспаптың футлярымен бірге өлшемі 110×30×30 см-ден аспауы, салмағы 10 кг-нан артық болмауы тиіс. Аспап арнайы футлярға салынып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұл жағдайда, музыкалық аспап қосымша қолжүк болып есептеледі және оған қоса жолаушы белгіленген өлшем мен салмақ талаптарын сақтай отырып, негізгі қолжүкті бортқа ала алады.
Барлық жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында бір рейсте қосымша қолжүк ретінде үш бірлікке дейін музыкалық аспап тасымалдауға рұқсат етіледі. Бір жолаушы (ересек немесе 2-16 жас аралығындағы бала) тек бір ғана музыкалық аспап тасымалдай алады. Аспап үстіңгі жүк сөресіне орналастырылады.
Қызметті FlyArystan ресми сайтында, мобильді қосымшада, байланыс орталығы арқылы немесе туристік агенттіктерде рәсімдеуге болады. Онлайн немесе байланыс орталығы арқылы рәсімдеу рейстің жоспарланған ұшу уақытынан кемінде 1 сағат бұрын орындалуы тиіс.

Борттағы жеке орынды сатып алу арқылы

Егер аспаптың (қаптамасымен қоса) өлшемі белгіленген қолжүк нормасынан асып кетсе, жолаушы оны тасымалдау үшін әуе кемесінің салонынан жеке орын сатып ала алады. Өлшемдері 110×30×50 см-ден, салмағы 30 кг-нан аспауы тиіс. Бір жолаушыға тек бір ғана қосымша орын рәсімдеуге рұқсат етіледі.
Қызмет билетті брондауға дейін және рейстің ұшуына кемінде 24 сағат қалғанда рәсімделуі қажет. Қосымша орын талап етілетін музыкалық аспапқа билет рәсімдеу үшін сатып алу алдында +7 727 331-10-10 нөмірі арқылы FlyArystan байланыс орталығына немесе +7 702 702-02-27 WhatsApp чаты арқылы хабарласу қажет.
Қызмет құны брондау сәтіндегі қолданыстағы тариф бойынша қосымша орын бағасына сәйкес келеді. Егер қызмет алдын ала рәсімделмесе, аспап жүк бөліміне өткізілуі немесе әуежайдың сақтау камерасында қалдырылуы мүмкін.

Тіркелген жолжүк ретінде

Музыкалық аспап қосымша ақы төлеу арқылы қолданыстағы тарифтерге сәйкес тіркелген жолжүк ретінде рәсімделуі қарастырылған. Рұқсат етілген өлшемдері – үш өлшемінің қосындысы 158 см-ден аспауы, салмағы 32 кг-ға дейін болуы тиіс.
Қызметті www.flyarystan.com сайтында, FlyArystan мобильді қосымшасында, байланыс орталығы немесе туристік агенттіктер арқылы рәсімдеуге болады:
•    ішкі рейстерде – ұшу уақытынан кемінде 2 сағат бұрын;
•    халықаралық рейстерде – ұшу уақытынан кемінде 3 сағат бұрын.
FlyArystan қызметті әуебилет сатып алу кезінде бірден рәсімдеуді немесе рейске кемінде бес күн қалғанда 70% -ға дейінгі жеңілдікпен қосуды ұсынады.
Әуежайда жүкті рәсімдеу жолаушыларды тіркеу жабылғанға дейін жүзеге асырылады:
•    ішкі рейстерде – ұшуға дейін 40 минуттан кешіктірмей;
•    халықаралық рейстерде – ұшуға дейін 60 минуттан кешіктірмей.
Лоукост-әуе тасымалдаушыларындағы қолжүккке қатысты қойылатын қатаң талаптар салондағы орын тығыздығына және әр жолаушының жеке заттарын орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты. Мұндай ережелер әлемдегі көптеген лоукост әуекомпанияларында қолданылады.
Әуекомпаниясы жолаушы аспапты салонда орналастыру үшін жеке жауапты екенін ескертеді. Дұрыс қапталмаған жағдайда, аспаптың сақталуына немесе зақымдалуына FlyArystan жауапкершілік алмайды.
Музыкалық аспаптарды тасымалдау туралы толық әрі өзекті ақпарат әуекомпаниясының ресми сайтында жарияланған.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →