×

Ауыл шаруашылығында 32 млрд теңге тиімсіз жұмсалған – министрлік

Ауыл шаруашылығында 32 млрд теңге тиімсіз жұмсалған – министрлік
eldala.kz

Ауыл шаруашылығы саласында 32 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры Бағлан Аймырзаев «24KZ» телеарнасындағы «Түйін» бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда салаға шамамен 2 трлн теңге бөлінген. Жақында жүргізілген аудит нәтижесінде осы қаражаттың 32 млрд теңгесі тиімсіз жұмсалғаны анықталған.

– Кейінгі бес жылда ауыл шаруашылығына 2 трлн теңге қаражат бөлінді. Аудит барысында соның 32 млрд теңгесі тиімсіз жұмсалғаны белгілі болды. Бұл жалпы соманың шамамен 1%-ы. Жыл соңына дейін барлық ақпараттық жүйелерді біріктіруді жоспарлап отырмыз, – деді Бағлан Аймырзаев.

Сондай-ақ, спикер Қазақстанда ет экспортына шектеу енгізілгенін атап өтті. Қазіргі таңда тек ішкі нарықтағы қажеттіліктен артылған көлемді ғана сыртқа шығаруға рұқсат бар. Бұл шешім ішкі нарықтағы ет бағасын тұрақтандыру мақсатында қабылданған.

2025 жылдың 31 желтоқсанында енгізілген квота 2026 жылдың 30 маусымына дейін күшінде болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →