Үкіметте өткен кезекті брифинг барысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев өзінің жеке табысы мен компания қызметкерлерінің еңбекақысына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Басшының айтуынша, оның ай сайынғы жалақысы 1 200 000 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, компаниядағы жалпы жағдайды сипаттай отырып, Иманашев қарапайым жұмысшылардың да табыс деңгейін атап өтті. Бүгінгі таңда «ҚазАвтоЖол» ұжымының орташа айлық жалақысы шамамен 495 000 теңге көлемінде қалыптасқан.