×

Қазақстан босқындар легін қабылдауға дайын ба? – СІМ жауабы

Этникалық қазақтардан ресми өтініштер түспеген

Қазақстан босқындар легін қабылдауға дайын ба? – СІМ жауабы
Ашық дереккөздерден

Бұл сауалды журналистер Мәжіліс кулуарында Сыртқы істер минимтрінің орынбасары Әлібек Бақаевқа қойған еді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вице-министрдің айтуынша, қақтығыс басталғалы Иранда немесе Таяу Шығыстың өзге елдерінде тұратын этникалық қазақтардан ресми өтініштер түспеген.

“Ең алдымен, Иран Ислам республикасының азаматтарына қатысты мәселені ескеру қажет. Біз өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау саясатын ұстанамыз. Теориялық тұрғыда айтсақ, егер азаматтар жүгінсе, мәселе олардың этникалық тегіне емес, азаматтығына байланысты қаралады”, – деді Әлібек Бақаев.

“Қазақстан босқындардың үлкен легін қабылдауға дайын ба?” деген сұраққа Бақаев пікір білдірді.

“Әрине. Мұндай хаттамалар бар. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде қандай жұмыс жүргізу керегін біледі. Бірақ тағы да атап өтемін, мұндай өтініш түскен жоқ, ондай дабыл жоқ. Мәселе біздің бақылауымызда”, – деді Бақаев.

Еске салайық, Қазақстан мен Иран Каспий теңізі арқылы шектеседі. Алайда ортақ құрлық шекарасы жоқ. Екі ел арасындағы көлік қатынасы теңіз порттары арқылы және Түркіменстан арқылы өтетін теміржол магистралімен жүзеге асырылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →