×

Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды

Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды

Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды
БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Орал қаласындағы “Жайық арена” спорт кешенінде республикалық референдум қарсаңында ауқымды жастар форумы өтті. Іс-шараға Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысынан 4000-нан астам жас жиналды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Форум заманауи форматта ұйымдастырылып, Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды. Спикерлер жаңа Конституция жобасы саяси жүйеге, экономикаға және қоғамдық келісімге әсерін атап өтті. Қатысушылар референдумның маңызын қолдап, белсенді позиция танытуға дайын екендерін білдірді.

Кештің әсерлі сәті – 2000 фонариктен құралған «таңдау» символы. Дронмен түсірілген көрініс жастардың бірлігі мен ортақ ұстанымын айшықтады. Әлеуметтік желіде #БізҚолдаймыз хештегі кең қолдау тапты.

Мәдени бағдарламада Rafa, Алина Герц және хедлайнер Нұржан Керменбаев өнер көрсетті.

Форум соңында мыңдаған жас «Атамекен» әнін бірге орындап, жаңа Конституцияны қолдайтынын және ел болашағына бейжай қарамайтынын нақты көрсетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →