Видеода ол өзінің жүретін қызын, оны қорғамақ болғандарды ұрды
Желіде елге танымал спортшы, қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың Алматыда заңгерлер отбасын ұрып-соққан оқиғасының жаңа видеосы шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Кадрлардан әйгілі қазақстандық балуанның ұлының алдымен ер адамды ұрып, содан кейін араша түскен әйелді де бетінен соғып, есінен тандырып тастағанын көруге болады.
Зардап шеккен ерлі-зайыпты заңгерлер Анна Дмитриевич пен оның жұбайы Олег Чернов жаңадан пайда болған бейнежазба туралы пікірлерін білдірді.
"Бұл жазба тек бізде, оларда және Бостандық ауданының полиция қызметкерлерінде болған. Бүгін бұл бейнежазбаның әлеуметтік желілерде тарап кеткенін білдім. Алайда оны біздің таратпағанымызды айтқымыз келеді.
Кейбіреулердің жазып жатқан пікірлеріне түсініктеме беріп кетейік. Біреулер біздің болашақ депутаттың ұлы жүрген жерде қайдан тап болғанымызды сұрап жатқандар бар екен. Керісінше, біз демалып жатқан жерде ол қайдан жүр деген сауал туындайды. Өйткені Нұрасыл Болат бұл кезде Отардағы өзі әскери борышын өтеп жатқан бөлімде болуы тиіс еді.
Енді мынадай заңды сұрақ: “200 шақырым жердегі әскери бөлімнен Алматыға Нұрасылды кім алып кетті және ол біз демалып жатқан жерде қайдан жүр?
Айтпақшы, көшедегі камераларды зерттей отырып, Нұрасыл Болаттың бізге дейін де басқа адамдармен төбелесіп жүргенін көруге болады. Мұқият зер салып қарасаңыз, бейнежазбадағы бізді ұрып-соғу оқиғасының соңы расында да депутат Тұрлыханов айтқандай, "балалардың өзара жаға ұстасуына" ұласып кетіпті...",- деп жазды Анна Дмитриевич Instagramдағы бейнежазбасының астында.
Еске сала кетейік, оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің жанындағы автотұрақта болған. Танымал қоғам қайраткерінің ұлының бұзақылығы елдің назарын аударып, қоғамдық резонанс туғызған болатын.