×

Қазақстандықтар неге өзге ел үшін қан төгуге барады?

Қазақстандықтар неге өзге ел үшін қан төгуге барады?
Александр Река / ТАСС

Қазақстанда шетелдегі соғыстарға қатысу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істер саны күрт өскен. Мәжіліс депутаты Амантай Жарқынбектің мәліметінше, егер 2023 жылы осындай 23 іс тіркелсе, 2024 жылы олардың саны 36-ға, ал өткен жылы бірден 141-ге жеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың айтуынша, отандастарымыздың өзге елдің соғысына аттануына негізінен әлеуметтік қиындықтар мен қаржылық таршылық себеп болып отыр. Көп жағдайда азаматтар ақша табу үшін немесе алдау мен мәжбүрлеу арқылы вербовкаға (арбауға) түсіп қалады.

«Тұзаққа түскенін кеш түсінген олар кейін елге қайта алмай, қанды қақтығыстардың ортасында қалады. Ал үйде оларды ата-анасы мен отбасы күтіп отыр», — деді Амантай Жаркынбек.

Мәжілісмен бұл мәселені шешу үшін Қылмыстық кодекстің «Жалдамалылық» бабына (170–172 баптар) халықаралық тәжірибені ескере отырып өзгерістер енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, ол террорлық ұйымдарға мүше болмаған және өз еркімен елге оралғысы келетін азаматтар үшін жазаны жеңілдетуді бастама етті. Ондай жандар үшін мемлекеттік психологиялық және әлеуметтік оңалту бағдарламасын құру қажеттігін де атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →