×

Қазақстан спортының жұлдыздары Алматыда жаңа Конституция бойынша референдумды қолдады

Қазақстан спортының жұлдыздары Алматыда жаңа Конституция бойынша референдумды қолдады
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан Республикасының Конституциясын жаңарту жөніндегі алдағы референдум қарсаңында елге танымал спортшылар өз қолдауларын білдіріп, азаматтарды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин былай деді:

«Әрбір дауыс маңызды. Референдум – әрбір қазақстандықтың өз үнін жеткізіп, ел болашағына үлес қосуына берілген мүмкіндік».

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай атап өтті:

«Конституция – біздің қоғамымыздың негізі. Жаңартуларды қолдау жастардың әділетті әрі қуатты елде өсуі үшін маңызды».

Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ермахан Ибраимов атап өтті:

«Спортшы ретінде мен үшін еліміздің дамып, заңдардың сақталуы өте маңызды. Конституцияның жаңа жобасы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне бастайтын қадам».

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова айтты:

«Мен халықтың күшіне сенемін. Референдум – мемлекетіміздің болашағына бейжай қарамайтынымызды көрсетудің мүмкіндігі».

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов:

«Спорт тәртіп пен жауапкершілікке үйретеді. Референдумға қатысу да – біздің азаматтық борышымыз».

Спортшылардың айтуынша, дауыс беруге қатысу – әрбір қазақстандықтың елдің дамуы мен нығаюына қосқан үлесі.

Еске сала кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →