×

Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форумға мыңға жуық жас жиналды

Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форумға мыңға жуық жас жиналды
Ұлытау облысының әкімдігі

Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде алдағы референдумды қолдауға арналған «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты форум өтті. Іс-шараға мыңға жуық қатысушы жиналды, деп хабарлайды Qaz365.kz Ұлытау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Форум барысында қатысушыларға конституциялық өзгерістердің маңызы, олардың елдің одан әрі дамуына және әділетті, прогрессивті қоғам қалыптастырудағы рөлі түсіндірілді. Сондай-ақ референдумның Қазақстанның болашағы үшін маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Форумға мыңға жуық жас қатысты. Олардың қатарында студенттер, жұмысшы мамандық иелері, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, медицина саласының өкілдері, шығармашыл жастар және өзге де белсенді азаматтар бар.

Жиында Жезқазған қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратов, «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрайымы Нұргүл Талғатбекова, сондай-ақ «Ұлар-Ұлытау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абай Ораз сөз сөйледі. Спикерлер жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, мемлекет болашағына қатысты мәселелерде белсенді болуға шақырды.

Форум концерттік бағдарламамен жалғасты. Шара барысында жас орындаушылар патриоттық әндер орындады.

Іс-шара ашық диалог пен пікір алмасуға арналған алаңға айналып, өңірдің белсенді жастарын алдағы референдумды қолдау және Қазақстанның одан әрі дамуы идеясы төңірегінде біріктірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →