×

Жүргізушілер үшін жағымды жаңалық айтылды

Жүргізушілер үшін жағымды жаңалық айтылды
ortcom.kz

Қазақстанда ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін ақы төлеу мерзімі айтарлықтай ұзартылды. Көлік министрлігі тиісті ережелерге өзгерістер енгізу туралы бұйрықты бекітті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа түзетулерге сәйкес, жүргізушілерге жол ақысын айыппұлсыз төлеу үшін берілетін уақыт 7 күннен 30 күнтізбелік күнге дейін созылды. Бұған дейін төлем жасалмаған жағдайда материалдар 8-күні көліктік бақылау органдарына жіберілетін болса, енді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі тек 31-күні қарастырылатын болады.

Заңды тұлғалар үшін өзгеше талаптар белгіленді: олар есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасауы тиіс. Министрлік бұл қадам жүргізушілерге төлем жасауға көбірек уақыт беріп, республикалық маңызы бар жолдардағы негізсіз айыппұлдар санын азайтуға септігін тигізеді деп күтуде.

Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда бірнеше республикалық маңызы бар тас жолдар ақылы негізде жұмыс істейді. Төлем мерзімінің ұзартылуы әсіресе ұзақ сапарға шығатын және төлем жүйелеріне бірден қол жеткізе алмайтын жүргізушілер үшін қолайлы жағдай жасамақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →