×

Ақмола тұрғыны айдаладан танкке қарсы 6 мина мен 5 граната тапты

Ол жарылғыш заттарды қара металлды жинау кезінде тауып алған

Ақмола тұрғыны айдаладан танкке қарсы 6 мина мен 5 граната тапты
Telegram/ POLISIA.KZ

Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды тауып алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмолалықтың айтуынша, қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен шамамен 50 см тереңдіктен алып шыққан.

Сосын бірден полицияға хабарлаған. Жедел тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты.

Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 граната тексеріліп, олардың оқу-жаттығуға арналғаны және өмірге қауіп төндірмейтіні белгілі болды.

Сондай-ақ полиция мен сапер бригадасы жақын маңдағы аумақты тексеріп, жарылғыш заттарға ұқсас заттар таппаған.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптама тағайындалды, құқық қорғау органдары бұл заттардың айдалада қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →