×

Бұрынғы вице-министр Қаржы министрлігінен 10 миллион теңге өтемақы өндіріп алды

Оны сот ақтап шыққан болатын

Бұрынғы вице-министр Қаржы министрлігінен 10 миллион теңге өтемақы өндіріп алды
Elena Weber (RFE/RL)

Астананың Есіл аудандық соты бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның Қаржы министрлігіне қатысты моральдық шығынды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілішсі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша Анатолий Шкарупаны сот ақтап шыққан болатын.

Оның Қаржы министрлігін сотқа беруіне сот үкімі бойынша кінәсіз деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға қатысқаны туралы айғақтардың болмауына байланысты ақталғаны себеп болған. Сот шешімі бойынша, қылмыстық процесті жүргізген тергеу органдарының заңсыз әрекеттерінен келген зиянды өтеуге құқығы бар деп танылған.

"2018 жылы талапкерді Бас прокуратураның жедел тергеу тобы қамауға алып, тергеу сотының санкциясы бойынша қамауға алу түріндегі сырттай бұлтартпау шарасымен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би аудандық сотының 2021 жылғы 26 қаңтардағы үкімі бойынша, А.В. Шкарупа ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәсіз деп танылып, қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды", - деді елордалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

2021 жылдың сәуірінде Қарағанды ​​облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырғаны айтылды.

"Сот отырысында Қылмыстық-процестік кодекстің 4-тарауына сәйкес, талапкерді ақтау және келтірілген зиянды өтеу құқығы танылғаны нақты анықталды", - делінген астаналық сот мәліметінде.

Сот Анатолий Шкарупаның талап арызын ішінара қанағаттандырды.

"ҚР Қаржы министрлігінен 10 миллион теңге көлемінде моральдық залал өндірілді. Сот қорытындысы заңсыз қудалауға және қоғамнан оқшаулауға байланысты талапкер "қамау" бұлтартпау шарасын қолдану арқылы моральдық зардап шеккені дәлелденді, - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Бұл қаулы заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →