×

Көлік салығы - 2026: 1 сәуірден кейін борышкерлерді не күтіп тұр

Көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі

Көлік салығы - 2026: 1 сәуірден кейін борышкерлерді не күтіп тұр
Gov.kz

 Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалар үшін 2025 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірге дейін екенін еске салады, деп хабарлайды Qaz365.kz,

Көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі. Бұл ретте, 2025 жылы қолданыста болған 3 932 теңге мөлшерінде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қолданылады. Салықты portal.kgd.gov.kz веб-порталындағы калькулятор арқылы есептеуге болады.

Сонымен бірге салық органдары жеке тұлғалардың тиісті салық кезеңі үшін төленетін көлік салығын жыл сайын есептеп, төлем сальдосын анықтайды. Есептелген салық сомасы туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түрінде жіберілді.

2026 жылғы 2 сәуірден бастап салық төлемі кешіктірілген әр күн үшін өсімпұл есептелетінін еске саламыз. Салық және есептелген өсімпұл бойынша берешек болған кезде салық органдары ағымдағы жылғы 10 мамырдан бастап мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

Егер берешек сомасы 1 АЕК-ден асқан жағдайда борышкерге берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жолданады. Егер салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыға жіберіледі.

Өз кезегінде, жеке сот орындаушы мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға, оның ішінде банк шоттарын бұғаттау мен мүлікке тыйым салуға құқығы бар. Бұдан басқа, егер берешек сомасы 40 АЕК-тен асқан жағдайда азаматтың Қазақстан Республикасынан шығуы уақытша шектелуі мүмкін.

Теріс салдардың алдын алу үшін салықтық міндеттемелерді уақытылы орындауға кеңес береміз, ал сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органына немесе Байланыс-орталығына хабарласуға болады.

Салық сомасы туралы ақпарат portal.kgd.gov.kz веб-порталда «Жеке тұлғаларға арналған алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларда орналастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жастар мен жасөспірімдер интернеттегі ақпараттарға сыни көзбен қарауы тиіс
Марат Елеусізұлы балалармен подкаст форматында әңгіме өрбітіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →