×

Түркістан: Кентауда "Қалдықсыз әлем" халықаралық күніне орай тазалық шарасы өтті

Түркістан: Кентауда "Қалдықсыз әлем" халықаралық күніне орай тазалық шарасы өтті
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық шарасы өткізілді. Шаһар тұрғындарының, оның ішінде ата-аналар мен балалардың қатысуымен өткен жоба «Қалдықсыз әлем» халықаралық күніне орай қоршаған ортаны қорғау мақсатында «Бір пакет қоқыс — бір балмұздақ» деген атаумен ұйымдастырылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шара барысында балалар қоқыс жинауға белсенді қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Әрбір жиналған қоқыс пакеті үшін балаларға ынталандыру ретінде балмұздақ таратылды. Игі бастамаға жалпы 500-ге жуық азамат белсене қатысқан. Аталған бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға және өскелең ұрпақты тазалық пен тәртіп мәселелеріне тартуға бағытталған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →