Бірқатар арналарда түрлі хабарлардың және бағдарламалардың продюсері әрі жүргізушісі ретінде қызмет етті
Танымал журналист Дәнеш Асқарбекұлы “Жетісу” телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Дәнеш Байболатов – Жетісу өңірінің тумасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ұзақ жылдан бері телевизия саласында шыңдалған маман.
Ол Азаттық радиосы, “Жас Алаш” газеті, Стан ТВ, 31 телеарна, Астана телеарнасы, ОРТ Евразия, Хабар, Алматы телеарналарында хабар жүргізді. Түрлі хабарлардың жетекшісі және қоғамдық-саяси бағдарламалардың продюсері әрі жүргізушісі ретінде қызмет етті.
2024 ж. қыркүйегінен – «Хабар» телеарнасы таңғы бағдарламалар бөлімінің басшысы
2024 ж. ақпанынан – «Хабар» телеарнасы «Дәстүр» бағдарламасының авторы, жүргізушісі.
2024 ж. шілде-қыркүйегі – «Хабар» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің шеф-редакторы
2023 ж. желтоқсаны – 2024 ж. шілдесі – «Хабар» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің басшысы
2023-2021 жж. – «Алматы» телеарнасы «Шешімі бар» бағдарламасының жүргізушісі
2021 маусымынан – ҚР ДСМ ҰФҒО баспасөз хатшысы
2021-2020 – Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының (АМКБ) баспасөз хатшысы
2021-2017 – «Евразия Бірінші арнасы» «Заң сөйлесін» бағдарламасының жетекшісі, жүргізушісі
2017-2016 – «Новости Центральной Азии» халықаралық жобасының веб-редакторы
2018-2015 – Республикалық физика-математика мектебінің баспасөз хатшысы
2017-2015 – «Жас Алаш» республикалық газеті журналист,«Алдаспан» құқықтық айдарының авторы
2017-2014 – «Апорт» телекомпаниясы телебағдарламалар редакторы
2014 қаңтар – маусым – «ПАНОРАМА» продюсер орталығы жаңалықтар бөлімінің продюсері
2014–2010 – «SТАN PRODUCTION» жаңалықтар қызметінің жауапты редакторы, жаңалықтар қызметінің продюсері
2013 – «31 арна» ток-шоу «Айтылмаған әңгіме» жобасының авторы, жауапты редактор
2010-2009 – «Астана» телеарнасы жаңалықтар тілшісі
2009 – «Ел арна» арнасы реалити-шоу «Шіркін life», редактор, дыбыс режиссері
2010-2008 – «Хабар» телеарнасы «Серпін» экономикалық, ақпараттық-талдама бағдарламасы авторы,жүргізушісі, жауапты редакторы; «Ас-Арқау» бағдарламасы жауапты редактор; «Апорт» продюсерлік орталығының редакторы
2008-2006 – Абай ат. ҚазҰПУ, халықаралық қатынастар факультетінің оқытушысы (пәндер: интернет журналистика, тележурналистика, радиожурналистика)
2008-2005 – «Азаттық» халықаралық радиосы жаңалықтар қызметінде репортер, «Жас Толқын» жастар бағдарламасының авторы, редакторы, жүргізушісі
2005-2004 – «Прогресс-PR» агенттігі PR-маман, «Данай» журналының креатив-редакторы, саяси шолушы, үшінші шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатына үміткердің сайлауалды жұмыстары
2005-2001 – «Gala TV» продюсерлік орталығы «Хабар Жер», «Дела армейские» (орыс тілінде) бағдарламаларында журналист, редактор