×

Қазақстан мол пайда әкелетін дақылдарды егуге басымдық бермек – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстан мол пайда әкелетін дақылдарды егуге басымдық бермек – Ауыл шаруашылығы министрлігі
gov.kz

Еліміз дүниежүзінде тек жер көлемі жағынан ғана емес егістік алқаптарының аумағы бойынша да алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі. Дүниежүзілік банк пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы дерегі бойынша, Қазақстан ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі бойынша әлемде 6-орында тұр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рейтингінің басын Қытай бастап түр. Көрші елде 5,2 млн шаршы шақырым жер бар. Егін егілетін алқап бойынша АҚШ 4,2 млн шаршы шақырым жермен екінші орында тұр. Үздік үштікте Аустралия түсіндейді. Мұнда ауыл шаруашылығына жарамды 3,6 млн шаршы шақырым алқап бар. Бразилия 2,36 млн, Ресей 2,15 млн шаршы шақырым жер орналасқан. Ал, елімізде бұл көрсеткіш  2,14 млн шаршы шақырым.  

Әлемдік тәжірибеде әр мемлекет өзіне тиімді дақылдарды өсіруге тырысады. Мәселен, АҚШ жүгері өндірісінде көшбасшы болса, Бразилия соя мен қант қамысын өсіруде алдыңғы орында. Ал Аустралия астық және бидай өндіруде ірі экспорттаушылардың бірі саналады. Ведомство өкілдерінің ақпаратын сәйкес, Қазақстан аталған үрдісті ескере отырып, егіс алқаптарының құрылымын қайта қарап жатыр. Елде биыл жалпы егіс көлемі 23,8 млн гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, осы жылдан бастап жоғары табыс әкелетін дақылдарға басымдық беріледі. 

“Басымдық жоғары рентабельді, яғни пайдасы көп дақылдарға беріледі, олардың егістік алқабы ұлғайтылады. Атап айтқанда, майлы дақылдар егістік алқабы 55 000 гектарға, жем-шөп дақылдары 242 000 гектарға, арпа 94 000 гектарға және ұйымдасқан шаруашылықтардағы картоп 10 300 гектарға ұлғайтуыды жоспаралап отырмыз. Сонымен қатар, бидай егістік алқабы 125 000 гектарға қысқарып, 12,1 миллион гектарды құрайды”, - деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров. 

Яғни, алдағы уақытта күнбағыс, зығыр, мал азығына арналған дақылдар мен арпа көбірек егіледі. Картоп көлемі де артады. Ал бидай әлі де негізгі дақыл болып қала береді, бірақ бұрынғыдай негізгі бағыт ретінде қарастырылмайды. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам аграрлық сектордың тиімділігін арттырып, нарықтағы сұранысқа бейімделуге мүмкіндік береді. Яғни, Қазақстан шикізаттық бағыттан біртіндеп табысты әрі әртараптандырылған ауыл шаруашылығына көшуге ұмтылып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →