×

А нүктесінен Б нүктесіне дейін: Такси жүргізушісі терроризмді насихаттап келген

Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды

А нүктесінен Б нүктесіне дейін: Такси жүргізушісі терроризмді насихаттап келген
gov.kz

Атырау қаласының 59 жастағы такси жүргізушісі клиенттерді діттеген жерге жеткізу барысында терроризмді насихаттаумен айналысқан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілішсі ҚР Терроризмге қарсы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қылмыстық іс шеңберінде анықталғандай, азамат "Т" террористік сипаттағы материалдарды таратумен, деструктивті діни көзқарастарды таңумен айналысқан.

"Насихаттаушының мұндай қызметі дер кезінде тоқтатылды. Оған қатысты № 2 қалалық соттың айыптау үкімі заңды күшіне енді", - делінген хабарламада. 

Азамат "Т" кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →