×

Қаңтар оқиғасы: Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің экс-басшысы 6 жылға сотталды

Сондай-ақ 10 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды

Қаңтар оқиғасы: Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің экс-басшысы 6 жылға сотталды
azattyq-ruhy.kz

Алматы облысы бойынша ҰҚКД экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты: ол алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот мәліметінше, К. Алматы облысы ҰҚКД бастығы бола тұра, өзінің лауазымдық өкілетін асыра пайдалана отырып, 2022 жылғы 5 қаңтардағы оқиғаларды ескере келе, өзінің лауазымдық міндеттерін елемей, жеке құрамға департамент ғимаратын қорғау жөнінде шаралар қолданбауға; әкімшілік ғимараттан кетуге; қызметтік және құпия құжаттаманы жоюға және тұрғылықты жерлеріне тарауға заңсыз бұйрық берген, оның салдары кейін ҰҚКД ғимаратын басып алуға әкеліп соқтырды ("құпия" деген белгіге байланысты басқа мән-жайларды жария ету мүмкін емес)", - деп хабарлады Талдықорған сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі бойынша, К. 362-баптың 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны нақтыланады.

"Қазақстан Республикасының Президентіне К.-ге қатысты Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағынан және мемлекеттік наградалар мен ордендерден айыру туралы ұсыныс енгізілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген Талдықорған сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →