×

Адамзат тарихындағы сирек кадр: NASA 54 жылдан кейін түсірілген жердің толық суретін жариялады

Адамзат тарихындағы сирек кадр: NASA 54 жылдан кейін түсірілген жердің толық суретін жариялады
Коллаж: Qaz365.kz / Фото: NASA

АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Жер планетасының адам түсірген тұңғыш толық көрінісін жариялады. Мұндай біртұтас сурет соңғы 54 жылда алғаш рет түсіріліп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тарихи кадр Orion ғарыш кемесі арқылы, Artemis II миссиясы аясында түсірілген. Суретке зер сала қарасақ, Жердің солтүстік бөлігінде солтүстік шұғыласын аңғаруға болады. Суретті экипаж мүшесі, астронавт Рид Вайсман түсірген.

Вид Земли, снятый астронавтом НАСА и командиром миссии «Артемида II» Ридом Уайзманом из иллюминатора космического корабля «Орион». На снимке видны два полярных сияния (вверху справа и внизу слева), а также зодиакальный свет (внизу справа), возникающий в результате затмения Солнца Землей.

Көріністердің сапасы жоғары толық нұсқасы NASA-ның ресми сайтында көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, Artemis II миссиясы 2026 жылғы 1 сәуірде ұшырылды. Бұл жарты ғасырдан астам уақыттан кейін Жер орбитасынан тыс бағыт алған алғашқы басқарылатын сапар ретінде тіркелді. Оның бағыты — Ай. Orion кемесінің бортында төрт адамнан құралған халықаралық экипаж бар.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →