×

Алматы облысында жүргізушілер жолды жапқаннан кейін, аяқасты дизель пайда болды

Жүргізушілер дизель тапшылығына наразылық білдірген болатын

Алматы облысында жүргізушілер жолды жапқаннан кейін, аяқасты дизель пайда болды
Коллаж: Qaz365.kz

Алматы облысында Құлжа тас жолының бойында Бәйтерек ауылының маңында жүк көлік жүргізушілері жолды жауып, дизель отынының тапшылығына наразылық білдірген болатын. Бірер сәттен соң аяқасты дизель отыны пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүргізушілердің айтуынша, “Жаркент”, “Ақжолтай”, “Алтын адам” жанар-жағармай бекеттерінде дизель отыны кешеден бері 260-300 теңгеден сатылған. Алайда “Алтын адам” жанар-жағармай бекетінің өкілі мұны жоққа шығарады. Ол жүргізушілерден дәлел ретінде түбіртек сұраған. Жүргізушілер болса дизель сатып алған кезде түбіртек берілмегенін айтады. 

Ал бүгін жүргізушілер наразылыққа шыққаннан кейін, аяқасты дизель отыны пайда болыпты. Қазір дизель 230 теңгеден сатылып жатыр және 200 литрден артық құюға рұқсат жоқ.

Оқиға орнына Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры және әкім орынбасары жеткен. Наразылыққа шыққандар прокуратураға арыз жазды. Өз кезегінде прокурор мәселенің шешімін табатынына сендірді.

Энергетика министрлігінің "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Petrosun" АҚ, "Helios", "Газпромнефть-Қазақстан", "PetroRetail" және "Sinooil" сынды ірі желі өкілдерінің қатысуымен Алматы облысын жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізгені де белгілі болды. Онда Алматы облысына дизель отынының қосымша партиясы жөнелтілетіні хабарланған. 

Министрліктің мәліметінше, 7 сәуірдегі жағдай бойынша, Алматы облысындағы дизель отынының қоры 11 мың тоннадан асады.

"7 сәуірде мұнай өнімдері өндірісін бастаған Шымкенттегі МӨЗ-де жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Өнімнің бірінші партиясы алдағы демалыс күндері жөнелтіледі деп жоспарланып отыр. Бұл ретте Алматы облысын қоса алғанда, оңтүстік өңірлерге бірінші кезекте жөнелту жұмыстары қамтамасыз етіледі", - дейді ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Алматы облысының Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне қосымша 3 мың тонна дизель отыны бөлінетін болады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →