×

activ жоғары жылдамдықты үй интернеті мен мобильді байланысты біріктіретін «activ Үйде» жаңа өнімін ұсынды

activ жоғары жылдамдықты үй интернеті мен мобильді байланысты біріктіретін «activ Үйде» жаңа өнімін ұсынды

activ бір тарифте бүкіл отбасы үшін жоғары жылдамдықты үй интернеті мен мобильді байланысты біріктіретін қарапайым әрі тиімді «activ Үйде» қызметін таныстырды.  Пайдаланушылар бірыңғай шотқа және бір қосымша арқылы барлық қызметтерді орталықтандырылған басқару мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«activ Үйде» қызметі 500 Мбит/с дейінгі жоғары жылдамдықты сымды интернетті, жеті SIM-картаға дейін қосу мүмкіндігі бар мобильді байланысты және минуттардың, гигабайттар мен SMS-тердің ортақ топтамасын қамтиды. Өнім желісі отбасы құрамына қарай таңдау жасауға мүмкіндік беретін 3, 5 немесе 7 адамға арналған «Оңтайлы» және «Премиалды» тарифтерінен тұрады. Жаңа пайдаланушылар үшін арнайы ұсыныс бар — алғашқы үш төлемге 60% жеңілдік беріледі.  5 990 теңгеден басталатын баға қосылуды барынша қолжетімді әрі тиімді етеді, ал бірыңғай топтама бірден бірнеше жеке жазылымды алмастырады. 

Барлық қосылымдарды activ суперқосымшасында бір адам басқара алады.  Топ басшысы қатысушыларды қосады, шығындарды бақылайды және шотты бір-екі перне басу арқылы төлейді.   

Қосылған кезде клиентке уақытша пайдалануға Wi-Fi роутер беріледі, сондықтан қосымша ешнәрсе сатып алудың қажеті жоқ. activ үй интернетін FTTH архитектурасы бар GPON технологиясы бойынша ұсынады — бұл оптикалық кабель тікелей клиенттің пәтеріне немесе үйіне тартылатын заманауи шешім.  Бұл онлайн-ойындар, бейнеқоңыраулар, 4K стриминг үшін өте қолайлы болатын сигналдың кешігуін барынша азайтады, сондай-ақ әрбір клиентке жеке оптикалық арна берілетіндіктен, көршілерден тәуелсіздікті қамтамасыз етеді. «activ Үйде» әсіресе үйден жұмыс істейтіндерге, үлкен отбасыларға және белсенді интернет пайдаланушыларына ыңғайлы.   

Жаңа өнім цифрлық күнделікті өмірді жеңілдетеді: бір тариф, бір шот, бірыңғай басқару және үйге арналған қызметтердің толық жиынтығы — барлығы бір түсінікті әрі үйреншікті форматта. 

Анықтама үшін: 

Kcell - цифрлық телекоммуникациялық қызметтерді: мобильді байланыс пен орнықты байланыстың (FMC) конвергенттік қызметтерін, деректерді беру және интернетке қол жеткізуді, қаржылық сервистерді, цифрлық сервистер мен мобильді қосымшаларды, жүйелік интеграцияны, заттардың интернетін, машинааралық өзара іс-қимылды (machinetomachine), үлкен деректерді жинау және өңдеу және бұлттық есептеулер саласындағы АТ-шешімдерді ұсынатын қазақстандық оператор. Смартфон + тариф сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.  

Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді теледидар, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің арқасында, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдер әзірлеудің арқасында бәсекелестік артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Kcell сатылас, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу есебінен В2В нарығында жетекші орынға ие. 5G желісімен қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 48,84% -ын қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.  

Kcell клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында жоғары бәсекелі телекоммуникациялық нарықтарда өзін жақсы көрсеткен Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Нақты мультибрендті сәулеттің арқасында Kcell топтамалық қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығын және желі сапасын басқару есебінен В2С сегментіндегі бизнестің тиімділігін арттыруда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →