×

Ақордада ауызашар берілді

Президент жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтады

Ақордада ауызашар берілді
akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бұл ай күллі мұсылман қауымы үшін ерекше уақыт екенін, жамағат осы айда ізгі амалдар жасап, мол сауапқа кенелетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы бір жылдың ішінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде болған айтулы оқиғаларға арнайы тоқталды.

"Жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға өзгерістер енгізілді. Еліміз үшін аса маңызды бірнеше саяси науқан өткізілді. Соның ішінде Президент сайлауы және жуырда болған Парламент пен мәслихаттар сайлауы бар. Бір сөзбен айтсақ, қысқа мерзімде өте ауқымды жұмыс атқарылды. Еліміз жаңа дәуірге қадам басты, Әділетті Қазақстанды құра бастадық. Қазақстан – өз геосаяси аймағында осындай ауқымды реформалар жасап жатқан бірден-бір ел. Жаңартылған Конституция және елімізде болып жатқан өзгерістер – осының айқын дәлелі. Біз осы реформаларды, жалпы айтқанда, осы саясатты міндетті түрде жалғастырамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде жалғастыра береді, сыртқы саясатымыз әрдайым дербес болады. Біз мұның бәріне мызғымас бірліктің арқасында қол жеткізіп отырмыз.

"Халқымыз "Ырыс алды – ынтымақ" деп бекер айтпаған. Қоғамда бейбітшілік пен келісім болса ғана, еліміз табысқа жетеді. Алға қойған игі мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Ал елден ынтымақ кетсе, мемлекетте даму болмайды, жұрттың болашаққа деген сенімі де азаяды. Сондықтан елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – негізгі міндетіміздің бірі. Бұл баршамыз жұмылып атқаратын жұмыс болуы керек”, – деді өз сөзінде Президент.

Мемлекет басшысы халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу қажет екеніне назар аударды.

"Қазақтың әдет-ғұрпы әрдайым ізгілікке шақырады. Әрбір салттың терең тәрбиелік мәні бар. Мысалы, ақсақалдарымыз жастарға батасын береді. Жастарымыз үлкеннің алдын кесіп өтпейді, құрметін көрсетеді, ешкімнің ала жібін аттамайды. Халқымыз қашанда қыз баланы сыйлап, қадірлеген. Мұның бәрі дәстүрлі ислам құндылықтарымен тығыз үндеседі", – деді Мемлекет басшысы.

akorda

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →