×

Қазақстаннан жанармайды заңсыз әкетпек болған 300-ге жуық адам ұсталды

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады

Қазақстаннан жанармайды заңсыз әкетпек болған 300-ге жуық адам ұсталды
ҚР ҚМ МКК

Биылғы 31 қаңтардан бастап Қазақстан аумағынан жанар-жағармай өнімдерін заңсыз алып кетудің 288 фактісінің жолы кесілген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынған сәттен бастап мемлекеттік кірістер органдарымен мұнай өнімдерін үшінші елдерге заңсыз әкетудің  94 фактісі анықталған, олар бойынша сотпен 1,5 млн. теңгеден астам айыппұл салынып және 2 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель отыны тәркіленді», - делінген комитет хабарламасында.

ЕАЭО мемлекеттерімен шекарада  63 мың литрден астам (63820 л) жанар-жағармай өнімдерін шығарудың 194 фактісі анықталды.

«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда көрсетілген тыйым (31.01.2023ж.) күшіне енген күннен бастап электрондық декларациялаудың «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде мұнай өнімдерін кедендік декларациялауға жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдаған», - делінген хабарламада.

Осы шектеуге қатысты әкімшілендіру жұмыстары  тұрақты негізде  алты айлық тыйым салу кезеңінде жүзеге асырылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →