×

Жанар-жағармай бола тұра әдейі сатпай отырғандарға ескерту жасалды

Жанармай құю бекеттерінің иелері бағаның өзгергенін күтіп, мұнай базаларындағы дизель отынын жасырып отырған көрінеді.

Жанар-жағармай бола тұра  әдейі сатпай отырғандарға ескерту жасалды
primeminister.kz

Қазақстандағы 415 жанармай құю бекетінде дизель отыны жоқ. Бұл – еліміздегі 3 163 нысанның 13%-ы, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Үкіметте вице-премьер Роман Склярдың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Энергетика министрлігі тапшылықты тез арада жою үшін жанармай құю станцияларын қосымша отынмен қамтамасыз ету мақсатында өңірлер әкімдіктерінен өтінім жинап жатыр.

Жанармай құю бекеттерінің иелері бағаның өзгергенін күтіп, мұнай базаларындағы дизель отынын жасырып отырған көрінеді. Осыған байланысты соңғы күндері кейбір өңірлерде тапшылық туындаған. Тіпті, кейбір станциялар жанармай сатуды әдейі шектеген.

Вице-премьер Роман Скляр алып-сатарлыққа және мұнай базаларында отынды «ұстап тұруға» жол бермеуді тапсырды.

«Жанар-жағармай бола тұрып, оны сатпай отырған нысандар анықталса, оларды заң бойынша жауапқа тарту керек. «ҚазМұнайГаз» және ҚТЖ зауыттардан жоспарланған жанар-жағармай көлемін, әсіресе, дизель отынын уақытылы және толығымен жөнелтуді және жеткізуді қамтамасыз етуі қажет», - деді Скляр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында Құлжа тас жолының бойында Бәйтерек ауылының маңында жүк көлік жүргізушілерінің жолды жауып, дизель отынының тапшылығына наразылық білдіргені жазылған болатын.

Осы оқиғаға байланысты кеше Энергетика министрлігінің "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Petrosun" АҚ, "Helios", "Газпромнефть-Қазақстан", "PetroRetail" және "Sinooil" сынды ірі желі өкілдерінің қатысуымен Алматы облысын жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізгені де белгілі болды. Онда Алматы облысына дизель отынының қосымша партиясы жөнелтілетіні хабарланған. 

Министрліктің мәліметінше, 7 сәуірдегі жағдай бойынша, Алматы облысындағы дизель отынының қоры 11 мың тоннадан асады.

"7 сәуірде мұнай өнімдері өндірісін бастаған Шымкенттегі МӨЗ-де жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды. Өнімнің бірінші партиясы алдағы демалыс күндері жөнелтіледі деп жоспарланып отыр. Бұл ретте Алматы облысын қоса алғанда, оңтүстік өңірлерге бірінші кезекте жөнелту жұмыстары қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне қосымша 3 мың тонна дизель отыны бөлінетін болады. Оның үстіне Атырау мен Павлодар мұнай өңдеу зауыттарынан шыққан 5000 тонна дизель отыны жолда келе жатыр", - делінген ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →