×

Шымкенттегі жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы қандай

Жүргізуші автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткен

Шымкенттегі жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы қандай
otyrar.kz

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кетті, салдарынан төрт адам мерт болды, тағы екеуі аруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәлімдеуінше, оқиға кеше, 8 сәуірде 18:30 шамасында болған.

"Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі басқаруынсыз автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қағып кеткен. Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы екі адам ауруханада жатыр", – делінген хабарламада.

Шымкент полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалған. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жол апатынан кейін Шымкент клиникалық ауруханасына жеткізілген 2005 жылғы тұрғынның жағдайы орташа ауыр. Ол нейрохирургия бөлімшесінде жатыр.

Оқиға орнына барған 4 “жедел жәрдем” бригадасы зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек беріп, науқастарды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізген.

Нақтырақ айтқанда, зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына, перинаталдық орталыққа және қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →