×

Олар қылмысты неге жасырады, ақшаға сатылған ба – депутат Қазыбек Иса

Депутат бұл бейнежазбаны әлеуметтік желіден көргенін айтады.

Олар қылмысты неге жасырады, ақшаға сатылған ба – депутат Қазыбек Иса
Ашық дереккөздерден

Белгілі ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Қызылорда облысында орын алған жантүршігерлік қылмысқа қатысты жанайқайын жеткізген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Депутат бұл бейнежазбаны әлеуметтік желіден көргенін айтады.

«Жауыздықты түсірген @egovpress парақшасындағы видеоны көріп, біздің де жанымыз шошыды. Тобырлар топырлап тепкілеп жатқан бозбала біз секілді біреудің әлпештеп өсірген баласы емес пе? Бұндай ауыр қылмысты Қызылорда облыстық полиция департаменті, Қазалы аудандық полиция бөлімдері неге жасырады? Егер жауыздыққа ұшырап жатқан өлмелі күйдегі бозбала сіздердің не бір шенеуніктің баласы болса, не болар еді? Керісінше, қылмыс жасап жатқандардың сіздерге қатысы бар ма? Әлде жауыздыққа ұшыраған жанды қорқыту-үркіту арқылы арыз жаздырмай қойса, іс біттіге санала ма біздің полицияда?!» - дейді Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар халық қалаулысы осы қылмысқа байланысты Қызылорда облыстық полиция департаментінің таратқан хабарына орай әлеуметтік желі қолданушысының ашына жазған пікірін де жариялапты.

«Әлеуметтік желідегі Марат Сәрсенбай бауырымның «Қызылорда облыстық полиция департаменті жалған ақпарат тарата бастады. Баспасөз қызметі бұл Қазалы ауданынан келген жігіттің жай құлап қалғанын, қазір оның жағдайы қанағаттанарлық деп мәлімдеді. Олар бұл қылмысты жасырғысы келіп не істемек? Ақшаға сатылған ба? Қылмысқа мемлекеттік қызметкердің баласының қатысы бар ма? Қылмыс неге жабулы қазан күйінде қалуы керек?» деген жазбасы мені бейжай қалдырмады», - дейді Қазыбек Иса.  

«Жауыздықты жасыру емес, жазалау керек!» деген депутат жазбасының соңында ҚР Бас прокуроры Б.Асылов, ҚР Ішкі істер министрі М.Ахметжановтардан қылмыстық істің заң аясында әділ тергеліп, қылмыскерлердің қатаң жазасын алуын талап еткен.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тараған болатын. Видеода екі адамның жерде жатқан жігітті ұрып жатқаны көрсетілген. Олар жігітке "ұйықта" деп соққы мен тепкінің астына алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →