×

Шымкенттегі жол апаты: қаза тапқандар саны 5 адамға жетті

Үшеуі оқиға орнында көз жұмған еді

Шымкенттегі жол апаты: қаза тапқандар саны 5 адамға жетті
polisia.kz

Шымкентте 6 адамды автобус қағып кеткен оқиғадан опат болғандар саны бес адамға жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға салдарынан алты адам зардап шеккен еді. Оның үшеуі оқиға орнында көз жұмған. Ал үш тұрғын жағдайының ауырлығына байланысты “жедел жәрдем” қызметімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Соның ішінде облыстық балалар ауруханасы мен перинаталдық орталыққа жеткізілген екі науқас ауыр жарақаты салдарынан көз жұмды.

Шымкент денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылған 2005 жылғы қыздың жағдайы қалыпты. 

Еске салайық, кеше, 8 сәуір күні, кешкі сағат 18:30 шамасында Шымкенттегі "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған алты адамды қағып кеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады
Бүгін, 08:54

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады
Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →