×

Қазақстанда 386 мыңнан аса адам санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейді

Елдегі зиянды және қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдар санын Ұлттық статистика бюросы жазды

Қазақстанда 386 мыңнан аса адам санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейді
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Елдегі зиянды және қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдар санын Ұлттық статистика бюросы жазды. Қазақстанда 386,3 мың адам санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Дерекке сүйенсек, бұл 2022 жылғы жалпы дерек. негізінен бұған Ауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және жинақтау, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салалары кіреді.

Жалпы экономикалық қызмет түрлері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыспен қамтылған ерлердің саны әйелдер санынан 3,4 есе арттық. Қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтін әйелдердің саны ерлер санынан 3,6 есеге көп екен. 

Ал, өңірлер бойынша зерттелген кәсіпорындардың қызметкерлері арасында санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмысқа қамтылғандардың ең үлкен үлесі Ұлытау облысында – 45,2 пайыз. Мұнан кейін Павлодар облысы – 43,9 пайыз. Қарағанды облысы 43,2 пайыз көрсеткішпен үштікті қорытындылап тұр. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →