×

Болат Назарбаевқа қатысты сұхбаттағы мәлімдемелерді Бас прокуратура тексереді

Бас прократура әнші Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтылған мәлімдемелерге қатысты деректер тексеру үшін екі органға жіберілгенін айтты

Болат Назарбаевқа қатысты сұхбаттағы мәлімдемелерді Бас прокуратура тексереді
фото: ашық дереккөзден

Бас прокуратура кәсіпкер Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжанның сұхбатта айтқан деректерге қатысты тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас прократура әнші Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтылған мәлімдемелерге қатысты деректер тексеру үшін екі органға жіберілгенін айтты.  

“Бас прокуратура әнші Динара Әлжанның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" YouTube-арнасында сұхбатта айтылған бірнеше фактілерін тексеру бойынша ақпарат беру туралы сұрау салуды қарады. Осы фактілерді тексеру үшін сұрау Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жіберілді. Аталған органдар тексерудің нәтижесі туралы хабардар етеді", – делінген ресми жауапта.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Кеше, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →