×

Жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер Астанаға келіп, Энергетика министрлігі алдында таң атырды

Олар тұрақты жұмыс орындары жоқтығына ашулы

Жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер Астанаға келіп, Энергетика министрлігі алдында таң атырды
Qaz365.kz

Наразылық білдіруге келген жұмысшылардың 700 мың теңге айлыққа көнбей отырғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Алайда мұнайшылардың өзі мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

"Олардың әңгімесі - бізді таратып жіберу. Олар жоғарыға есеп берген кезде "бізге жұмыс тауып бердік" деп айтады. Ал тауып бергендері бізге жұмыс болмайтынын біліп тұрмыз. Бізге барыңдар деген ЖШС иесімен сөйлессек, сендерге сол аталған соманы (700 мың теңге) бере алмаймыз дейді. Ол жалған ақпарат деуге болады. Бұл шындық емес. Егер 700 мың теңге айлық берсе, біз бұл жерде тұрмас едік”, – дейді мұнайшылардың бірі.

Наразы топ түрлі компаниялар ортасында доп секілді ұшып-қонып жүргендеріне, тұрақты жұмыс орындары жоқтығына ашулы.

“Бізді бір ЖШС-тан екінші ЖШС-қа тығады. Одан тағы бір ЖШС-қа жібереді. Біз ойыншық сияқтымыз. Алты ай бір жерде, алты ай екінші жерде істейміз. Отпуск, демалыс деген жоқ. Балаларымыз лагерьге бармайды”, – дейді олар.

Айтуларынша, алатын жалақылары – орта есеппен 300 мың, ары кеткенде 400 мың теңге.

Айта кетейік, Энергетика министрі бүгін мұнайшылармен тілдесуге “Қазмұнайгаз” өкілдері және омбудсмен келетінін мәлім етті.

Фото: Telegram / Власть о главном

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →